Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : Заңсыз аң аулау фактісі

08.10.2018

 

 

 

«Бурабай» МҰТП табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды алдын-алу бойынша «Бурабай» МҰТП мемлекеттік испекторларының ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторлары және Бурабай АІІБ табиғатты қорғау қызметкерлерімен бірлесіп «Бурабай» МҰТП күзет аумағында рейдтік іс-шараларды жүргізу кезінде 2018 жылдың 07 қазанында Қатаркөл орманшылығы 94 ораммен шекараласатын Жасыл ауылы маңында броконьерлік фактісі анықталғанын хабарлайды,нәтижесінде 2 бірлік -ИЖмаркалы мотоцикл және 1 заңсыз ауланған бұлан тәркіленді.


Табиғат қорғау заңнамасын бұзғандар ұстау кезінде жасырынды, жедел тергеу- іс-шаралар жүргізілуде.


Іс материалдары Бурабай ауданының АІІБ 2018 жылдың 07 қазанында № 181170031001709 нөмірімен тіркеліп тапсырылды.

 

Архив новостей