Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : Заңсыз аң аулау фактісі

08.10.2018

 


"Бурабай" МҰТП, 2018 жылдың 5 қазанында жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бөлімінің табиғат қорғау заңнамасын бұзуды болдырмау бойынша рейдтік іс-шаралар барысында, ЕҚТА құрамына кіретін Бұланды орманшылығының 103 орам, 53 телім аумағында 1елікті (ұрғашы)заңсыз аулауфактісі анықталғанын хабарлайды.


Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында осы фактіні жасаған тұлғалар анықталды, олар Біржан сал ауданыныңтұрғындары болып табылды.


"Бурабай" МҰТП жануарлар дүниесіне келтірілген шығын сомасы 1 803 750 теңгені құрады.


Іс материалдары Біржан сал аудандық ішкі істер бөліміне беріліп, "ҚР Қылмыстық Кодексінің"337 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Архив новостей