Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : Фенологиялық алаңдарды бақылау әдістемесі бойынша Семинар

02.10.2018

 

"Бурабай" ұлттық табиғи паркінің ғылым бөлімімен "Бурабай"МҰТП фенологиялық алаңдардың өсімдік қауымдастықтарының жағдайы мен құрылымын мониторингілеу, әдістемесін оқыту бойынша семинар ұйымдастырлып, өткізілді.

Аталған семинарға "Бурабай" МҰТП директоры Ғ.К. Әбдіқалықов, директордың орынбасары бас орманшы С. В. Быков, "Бурабай" МҰТП қызметкерлері, орман шеберлері мен инспекторлары қатысты. Бас баяндамашы кіші ғылыми қызметкер-ботаник Д. Е. Үсенова болды.

 

 

 

Семинарда мониторингтік алаңдардың мәліметтерін жинау әдістемесі бойынша мәселелер талқыланды.  Салынған 44 фенологиялық алаң бойынша карта бекітілді және барлық фенологиялық алаңдар әрбір орман шеберлеріне бекітілді.

Сондай-ақ әрбір орман шебері қарамағындағы салынған фенологиялық алаңдардың қазіргі жағдайы туралы баяндама жасады.

Семинар қорытындысы бойынша әрбір шеберге күнделіктер мен барлық алаңдардың орналасу картасы берілді.

Архив новостей