Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : Мектеп оқушылар үшін экологиялық ағарту

10.10.2018

"Бурабай" орман қызметінің 120-жылдығын және орман қызметкерлері күнін мерекелеу шеңберінде "Бурабай" МҰТП қызметкерлері Тлеуова Анель, Үсенова Дилафруз, сонымен қатар №6 орта мектепте, Щучинск қаласының №5 мектебінде Бурабай кентінің Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде бастауыш сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс сағаттар өткізілді. 

 

 

Оқушыларға "Бурабай" МҰТП туралы ролик, орманда өзін қалай ұстау туралы дәріс көрсетілді.  "Бурабай" МҰТП аумағында мекендейтін орман жануарлары мен құстары туралы және оларды өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырды. Соңында балалар жұмбақтарға жауап беріп, "Достық"тренингі өткізілді.

Архив новостей