Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : «Бурабай» орман қызметінің 120 жылдығына және орман қызметкерлері күніне арналған салтанатты мерекелік концерт

20.10.2018

 

20 қазанда мәдениет үйінде "Бурабай" орман шаруашылығының 120 жылдығына және "орман қызметкерінің күні"кәсіби мерекесіне арналған мерекелік концерт өтті. Оған ҚР ПІБ ведомстволық бағынысты ұйымдарының бөлім басшысы Малғаздаров Ғабит Тілеукенұлы, Ақмола облысының әкімі Мырзалин Мәлік Кеңесбайұлы, Бурабай ауданының әкімі Қарауылов Қанат Серікұлы, аудан әкімі Біржан сал Нұғманов Ермек Бекенұлы қатысты.

"Бурабай" МҰТП үздік қызметкерлері Президент Іс басқармасының алғыс хаттарымен, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен мінсіз орман қызметі үшін төсбелгілермен, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Біржан сал ауданы әкімдігінің алғыс хаттарымен және грамоталарымен, сондай-ақ "Бурабай" МҰТП директоры Әбдіқалықов Ғалымжан Кенжешұлынан алғыс хатпен марапатталды.

 

Қалалық мәдениет үйінде ҚазОШҒЗИ, Экология және орман шаруашылығы колледжі, республикалық селекциялық орталық, "Ақ Бура" жобалық тобы, Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті және "ДАМУ" ЖШС қатысуымен көрме ұйымдастырылды. Көрмеге суретшілердің суреттері мен  ландшаф макеттері қойылды.

 

Сапар-орталықтың аумағында "Бурабай" орман қызметінің 120 жылдығын мерекелеу құрметіне "Орманшы" монументінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, сондай-ақ "Бурабай" МҰТП орманшылықтарына арнайы техниканың кілттері табыс етілді.

 

Архив новостей