Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : Өрт-техникалық оқу-жаттығу!

25.10.2018



Ағымдағы жылдың 25 қазанында "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Бурабай кентінің №20 өрт сөндіру бөлімімен және Зеленый Бор кентінің №25 бөлімімен бірлесіп ұлттық парктің өндірістік базасында өрт-техникалық оқу-жаттығу өткізді.

 Жобаланған өрт ошағы "Бурабай" МҰТП ұсталық цехының ғимаратында болған.  Қызметкерлердің жедел әрекетімен өрт жойылды.




Іс-шараның мақсаты тек практикалық жаттығу ғана емес, сонымен қатар барлық қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау мен өртті сөндіру сызбаларын құрастыру бойынша іс-әрекеттерді  қалыптастыру, қызметкерлердің өрт сөндіру бөлімі орналасқан жерден жану ошағына келу хронометражы, күштер мен құралдардың уақытылы жиналуын тексеру болып табылады.




Оқу-жаттығуға барлығы 7 бірлік техника, өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 25 адам, оның ішінде 2 бірлік техника және 1-типті "Бурабай" ӨСС жеке құрамынан 4 адам қатысты. Өртке қарсы оқу-жаттығудың негізгі міндеттері толық көлемде орындалды.


 

Архив новостей