Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : ЖАҢА БАҒДАРЛАМАЛАР - ЖАҢА БАСТАМА

06.11.2018

 

 

Қарашаның 6-сы Бурабай районының  С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде   Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауын талқылау мақсатында  Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы  Идаятов  Д., облыстық маслихат  депутаты Безвербный П., Бурабай ауылының әкімі Амантаев Т., «Бурабай»  МҰТП туризм және ғылым ұйымының басшысы Оразалин Ш., құраған  облыстық ақпараттық ұжым  бизнес қоғамдастық өкілдерімен жиналыс ұйымдастырды.

 

Кездесу  барысында  кіші және орта бизнесті қолдау мен  еліміздің  әлеуметтік- экономикалық саласындағы даму жолдары жайында сұрақтар талқыланды. Еңбек нарығы, өндірістік, қаржы, білім және ғылым, денсаулық сақтау мен туризм салаларында бастау алатын негізгі міндеттер белгіленді.

 

 

 

Ақмола облысында туризм саласы  ерекше  орын алады. Өз кезегінде, Ақмола  Қазақстан Республикасының  5 жетекші  туристік аймақтарының  біріне кіреді. Қазіргі уақытта Щучинск-Бурабай курорттық аймақ қарқынды дамуда, осыған байланысты тұрғындардың табыстары да ұлғаюда.

2019 жылға жоспарланған жобалар жайлы тақырып қозғаған кезінде, спикерлер 2018 жылдың жетістіктерін айтып өтті. Олар: Щучинск қаласындағы Республикалық  шаңғы базасы, гольф клубы, Бурабай ауылының мешіті, «Ботай» мұражай кешені, қайта құрылған сапар кешені. Барлық ғимараттар біздің облыстың  бірегей нышанына айналды. Өткен іс-шаралардың қатарында  «4 seasons» (4 мезгіл) тұжырымдамасы бойынша ұйымдастырылған  «ВелоБурабай», «Қымызфест», «Race Nation Burabay», «Aqmola Barysy». 2019 жылға  Араб инвесторларымен  бірлесе Ақылбай ауданында  «ат спорты кешені», Бурабай ауданындағы  таулы шаңғы кешені, көпфункциялы конгресс орталығы құрылыстары жоспарланған.  Қазіргі алға қойған мақсатымыз – ЮНЕСКО ғаламдық геопарк мәртебесін иемдену.

- Өткен жылы ЮНЕСКО сарапшыларының Бурабай курортына  сапары нәтижесінде  курорттық аймақ  дүниежүзілік  деңгейдегі  геологиялық  мұраға иемденген деген  тұжырым алдық.  Барлық ерекшеліктерді ескере отырып, 2019 жылы ЮНЕСКО геопаркі  дәрежесін иемденудегі  өтінім беру - біздің мақсат. Бұл дәрежеге ие болған курорт  әлемге әйгілі 40 елдің  180 геопарктерімен қатар танымалдыққа ие болады, - деп баяндады Шыңғыс Оразалин, «Бурабай»  МҰТП туризм және ғылым ұйымының басшысы.

 


 

 

Президент Жолдауы  мемлекеттік бағдарламалардың  «жаңа тынысы», Қазахстан халқының әл-ауқатын көтеретін жаңа бастамасы болады. Жаңа жобаларды жүзеге асыру – туризм саласының даму негізі, туризмнің дамуы,өз кезеңінде, біздің ауданның жаңаруының кепілі. 

Архив новостей