Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : Туристік бағыттарды дамыту

29.11.2018

 

 

2018 жылдың 27 қарашасында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде туристік компаниялар өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуде ынтымақтастық мәселелері және өзара әрекеттестікті кеңейту жолдары талқыланды. Негізгі тақырып туристік бағыттардың дамуы, оларды жетілдіру, туристер ағынын одан әрі көбейту үшін жаңа бағыттарды құру болды.

 

Ұлттық парктің директоры Әбдіқалықов Г.К. біздің аймақ үлкен мұражайлық әлеуетке ие екендігін атап өтті, сондықтан парктің туроператорлармен ынтымақтастығы тиімді және нәтижелі болу керек.

 

Ынтымақтастыққа жаңа серпін беру үшін ұлттық парк барлық туристік бағыттарды «жаңа көзқараспен» қарауды ұсынды. Ұсыныстарды жариялағаннан кейін туристік фирманың әрбір өкілі өз пікірлерін және идеяларын білдірді. Нәтижесінде, тақырыпты толығымен талқылау үшін 5 желтоқсанда жаңа кездесу уақыты тағайындалды.

 

 

 

 

 

Архив новостей