Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған жиналыс

30.11.2018

 

 

Қазақстанда жеті жыл бойы тойланып жүрген мереке болып Тұңғыш Президент күні саналады. Халқымыз үшін 1 желтоқсан -  күнтізбенің қызыл күні. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ – дәл осы күні 1991 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР-нің президенті ретінде тағайындалды, екі аптадан кейін тәуелсіз Қазақстанның басшысы атанды. Тұңғыш Президент Күніне орай жыл сайын  ірі ауқымды іс-шаралар өткізіледі. Осы күнге орай,  «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мерекелік жиналыс ұйымдастырды.
Жиналыс барысында «Бурабай» МҰТП директоры Ғалымжан Абдикаликов басшылық атынан барлық әріптестерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, бұл күн әрбір қазақстандық үшін ерекше маңызға ие екенін айтып өтті.

Тәуелсіздік жылдар Қазақстанның табысының куәсі болып саналады. Олар – болашақ ұрпаққа мұра, күшті, тәуелсіз, зайырлы, демократиялық және ХХІ ғасырда қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның  сенімді негізі. Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына баға жетпес үлес қосқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев - мықты, жарқын және көп қырлы тұлға, бұл азаматсыз XX - ХХІ ғасырлар аралығындағы еліміздің тарихын  елестету мүмкін емес», - деп айтып өтті Ғалымжан Кенжешевич.

Кездесуге орай   тәуелсіз, жас қазақстандықтарды қалыптастырудағы Елбасымыздың  рөлі туралы деректі фильмнің көрсетілімі болды.

Еске сала отырайық, 1991 жылдың 1 желтоқсанында  Бірінші жалпыхалықтық сайлаудың қорытындысы бойынша Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР-нің президенті лауазымына қайта сайланды.  

Нұрсұлтан Әбішұлының Тұңғыш Президент рөліндегі алғашқы қадамдардың бірі  - Қазақ КСР-ның  Қазақстан Республикасы болып атауын өзгертуі жайлы  1991 жылы 10 желтоқсанда заңға қол қоюы. Алты күннен кейін, 16 желтоқсанда, Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігін жариялады, бұл Қазақстанды егемен мемлекет ретінде жариялауды білдірді.

1991 жылдың желтоқсан айының алғашқы күндері тәуелсіз Қазақстанның  дамуын анықтайтын тағдырдың шешуші кезеңі болды. Қазіргі уақытта Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен мойындалған  заманауи демократиялық мемлекет ретінде танылды.

 

 

Архив новостей