Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс

15.12.2018

15 желтоқсанда  «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Мемлекеттік әнұраннан кейін,   «Бурабай» МҰТП-нің  директоры  еліміз тәуелсіздігінің  27 жылында биік деңгейге жетіп, мемлекетіміздің серпінді дамуы  тұрақты саясат пен ішкі бірлікке байланысты екенін Әбдіқалықов Ғ.К.  атап өтті.

Тәуелсіздіктің  маңыздылығы мен егеменді даму жылдарында елдің жетістіктері жайлы айтқан  А.Баймұқанов  өз баяндамасында мемлекеттің тәуелсіздігі - кез келген ұлт үшін өмір сүрудің ең маңызды шарты екенін айтты. "Оның тағдыры , бүгіні мен болашағы, даму мен өркендеу мүмкіндіктерінің барлығы мемлекеттің  қарқынды дамуына байланысты. Қазақстанның әуелсіздігі - барлық қазақстандықтар үшін ең қасиетті құндылық."

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Мереке қарсаңында Ұлттық Парктің  бірқатар қызметкерлері мемлекеттік награда мен алғыс хаттармен марапатталды.

Бригадир Олег Борисович Дорогов Қазақстан Республикасы Президентінің «Ерен еңбегі ұшін» медалімен марапатталды. Кучеренко С.В. және Мұқышев Ж.Т. Президенттік істер басқармасының дипломымен марапатталды.

«Бурабай»  МҰТП -  500-ден астам қызметкері бар  Қазақстандағы ең ірі ұлттық саябақтардың бірі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы біздің еліміздің табиғи мұраларын сақтаудың стратегиялық міндеттерін айқындауды, сонымен бірге туризмді дамытуға және туристер ағынын ұлғайту үшін үлкен жауапкершілікпен халықаралық кластерді құруды мақсат етті. Бір  мақсат пен үйлесімді жұмыс арқасында біз жоғарыда айтылған мақсаттарға қол жеткізе аламыз », - деді Ғалымжан Әбдіқалықов.

Салтанатты жиналыс соңында ұлттық парктың директоры Ғалымжан Кенжешұлы барлық қызметкерлерді келе жатқан ұлттық мерекемен құттықтап, баршамызға зор денсаулық, табыстар тіледі.

 

Архив новостей