Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : Балық аулау үйлерін тексеру

21.12.2018

 

 

 

20 желтоқсанда «Бурабай» МҰТП-нің  жануарлар әлемін қорғау және өсіру департаментінің қызметкерлері ұлттық парк  аумағында орнатылған балық аулау үйлерінде тексеру жүргізді. Атап айтқанда, балық аулауға арналған жолдама қағазы болуы, тіркелшен нөмірі бар  үйді орнатуға рұқсат қағазының болуы, үй ішіндегі көміртегі тотығы детекторы мен  сығындының (вытяжка) болуы, және де көл аумағындағы тазалықтың сақталуы тексерілді.


Естеріңізге сала кетейік, 20 желтоқсанда «Бурабай» МҰТП су қоймаларында спорттық және әуесқой  балық аулау үшін стационарлық балық аулау үйлерін орнату мақсатында құжаттарды беру мерзімі аяқталды. Тіркелу 10 желтоқсанда басталды,  міндетті тіркеуден өткеннен кейін, талаптарға сай келетін барлық әуесқой балықшылар өз үйлерін орнатуға кірісті.

Архив новостей