Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : МҰТП аумағындағы жер телімдерін ұзақ және қысқа мерзімге алу тәртібі

21.12.2018

 

Бүгін Көкшетау қаласында ғылым, туризм, ақпараттық және экологиялық мониторинг бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен «Туристік және рекреациялық іс-шаралар жүргізу мақсатында МҰТП аумағындағы жер телімдерін ұзақ және қысқа мерзімге алу бойынша іс-әрекеттер алгоритмі» тақырыбында кездесу өтті.

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары - Джазина Г.А.  кіріспе сөзінен кейін «49 жылға дейін ұзақ мерзімді пайдалануға арналған ұлттық парк жер телімдерін алу тәртібі» тақырыбындағы презентациялық материалдарды таныстырды. Кездесу барысында мынадай мәселелер қаралды:

1. Табиғат қорғалатын  аумақтарда жер учаскелерін алу алгоритмінің проблемалық мәселелерін талқылау.

 

2. Туристік және рекреациялық іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында  жер телімін  алу кезеңдері туралы әлеуетті инвесторларға ақпарат беру туралы «Бурабай» МҰТП-мен қабылданған шаралар тиімділігі.


 

 

 

 

Архив новостей