Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : Жасыл "сұлуымыздың" өмірін сақтап қалайық

29.12.2018

 

 

Жаңа жыл жақындаған сайын, мереке қарсаңындағы қарбалас  әрбір отбасында басталады. Бірақ «Бурабай» МҰТП  орманшыларында шиеленісті кезең басталды, олар күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. 1 желтоқсаннан бастап ГНПП аумағында қылқан жапырақтыларды қорғау жөніндегі шаралар басталды. Оның мақсаты экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін болдырмау, атап айтқанда, қылқан жапырақтылардың  заңсыз кесіп алуға жол бермеу.

Жаңа жылда  шыршаны сәндеу дәстүрге айналды, сондықтан бұл ағаш сұранысқа ие. Осыған байланысты ормандағы шыршаларды да кесіп алу жағдайлары кездеседі. Сондықтан ұлттық парктің аумағында өсетін ағаштардың жойылуына қарсы тұру  - негізгі міндеттердің бірі. МҰТП қызметкерлері ағаштардың заңсыз кесу фактілерін болдырмау мақсатында паркте тәулік бойғы патрульдерін жүргізеді. Бір жыл мерзімінде бір қылқан жапырақты ағаш бірнеше сантиметрге дейін ғана өсетінін білген дұрыс.

 

Еске сала кетейік, елдегі жас қылқан жапырақты  ағаштардың заңсыз кесілуін алдын алу мақсатында  бақылау қатайтылды . Ерекше қорғалатын табиғи аумақта бір қарағайдың немесе шыршаның жойылуы немесе бүлінуі үшін бұзушы 200 АЕК мөлшерінде зақым төлеуі тиіс. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 32-бабына сәйкес қылмыскерге қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.

Дегенмен, жасыл «сұлулықсыз» жаңа жылдық мерекені елестете алмайтындар нарықта жаңа жылдық шыршаларды сатып ала алады. Бұл жағдайда орындаушының тиісті құжаттары болуы керек.

Архив новостей