Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : Қылқан жапырақ тұқымдас жас шырша ағаштарын қорғау жөніндегі іс-шаралардың басталуы

28.11.2018

 

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ аумағында жыл сайын жаңа жылдық мерекелер қарсаңында қылқан жапырақ тұқымдас жас шырша ағаштарын қорғауды күшейтуге бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

Қылқан жапырақ тұқымдас жас шырша ағаштарын заңсыз кесу фактілерін болдырмау және анықтау мақсатында «Бурабай» МҰТП мемлекеттік инспекторлары кешенді іс-шаралар әзірледі, оның ішінде: жергілікті тұрғындар мен біздің өлкеміздің қонақтары арасында тұрақты ақпараттық үгіт-насихат, ақпараттық аншлагтар орнату, ішкі істер органдарының өкілдерімен бірлесіп тәулік бойы жедел кезекшіліктер жүргізіледі.

Халық айтпақшы: хабардар болсаң, қарулы боласың.

«Бурабай» МҰТП ММ ЕҚТА аумағында заңсыз ағаш кескені үшін ҚР ҚК 340-бабына сәйкес 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүргізу, 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу , үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру қарастырылатынын хабарлайды.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырындағы № 441 « «Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы» қаулысының негізінде қылқан жапырақты тұқымдардың 1 данасын зақымдағаны немесе жойғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде залал қарастырылған.

Архив новостей