Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : Жағажай учаскелерінің әлеуетті пайдаланушыларымен өткен кездесу

21.02.2019

 

 

2019 жылы 19 ақпанында "Бурабай" МҰТП-да ұлттық парк директоры Ғалымжан Әбдіқалықов "Щучье" көлінің жағасында орналасқан жағажай учаскелерін жалға алуды (5 жыл мерзімінде) мақсат еткен үміткерлермен кездесті. Учаскелер жайлы, жалға алу ережелері туралы ақпарат кездесу басында  баяндалды. Жалға алудың қажетті шарттарының бірі - Бурабай курортының  басшылық қабылдаған  бірыңғай стилін ұстану.

Ғалымжан Кенжешұлы  "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға" (ЕҚТА) қарасты заңдарды сақтау және ұлттық парктің табиғатын қорғау  - жалға алушылар алдындағы басты талап болып табылатынын атап өтті.

 

Архив новостей