Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : «Burabay Winter Sport - 2019»

25.02.2019

2019 жылдың 21 ақпанында "BurabayLand" ойын-сауық саябағында Дүниежүзілік экскурсовод күніне орай Туризм және демалыс ұйымдары арасында спартакиада өтті. Фестивальдің негізгі мақсаты - Бурабай курорттық аймағын танымал ету және командалық рухты арттыру, туризм және демалыс саласының қызметкерлерін біріктіру, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау және Бурабай курортының туристік объектілерімен танысу болды. 

 

 

Осы спартакиадаға Ақмола облысының 10 командасы қатысты:

1. Ақмола облысының туризм басқармасы "Туристбай" командасы;

2. "Vizit Aqmola" командасы, туристік ақпараттық орталық;

3. "Экстрим" командасы, Зеренді ауданының туризм бөлімі;

4. "Зерен" командасы, "Зерен-Нур" демалыс орталығы;

5. "Алмаз" командасы, "Алмаз" шипажайы;

6. " Бурабай" МҰТП  командасы;

7. "Тату күрес" командасы, "Мега-тур" турфирмасы;

8. Terrassa park " командасы;

9. "Арлан" командасы, Бурабай ауданы әкімінің аппараты;

10. "Бурабай даму" командасы;


Жарыстың екі түрі болды: жеке жүгірістер мен командалық ойындар. Жеке жүгірістер шаңғы жарысы және  шорт-трек болып екіге бөлінді.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарыс аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар мен жанкүйерлер мерекелік фуршетке шақырылды, онда жеке біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен марапатталды. 

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жеке және командалық біріншілікте үздік нәтижелері бойынша анықталды.

 

Шаңғы жарысы бойынша жеке жүгірудегі жеңімпаздар (әйелдер жарысы):

 

- 3 орын-Бабушкина Галина, "Экстрим" командасы;

 

- 2 орын – Герасимова Надежда, "Алмаз" командасы;

 

- 1 орын – Ладысь Валентина, "Дружные Боровички" командасы;

 

 

Шаңғы жарысы бойынша жеке жүгірістердегі жеңімпаздар (ерлер жарысы):

 

- 3 орын – Черпаков Степан, "Терраса парк" командасы;

 

- 2 орын – Ладысь Роман, "Дружные Боровички" командасы;

 

- 1 орын – Панкратов Вячеслав, "Алмаз" командасы;

 

 

Шорт-тректен жеке жүгірудегі жеңімпаздар (әйелдер жарысы):

 

- 3 орын – Малая Екатерина, "Бурабай даму" командасы;

 

- 2 орын – Леонова Виктория, "Бурабай МҰТП" командасы;

 

- 1 орын – Габдушева Айнура, "Зерен" командасы;

 

 

 

Шорт-тректен жеке жүгірудегі жеңімпаздар (ерлер жарысы):

 

- 3 орын-Санибеков Жандос, "Зерен-нур" командасы;

 

– 2 орын-Курманкулов Есентай, "Бурабай МҰТП" командасы;

 

- 1 орын – Кожахметов Думан, "Террасса парк" командасы;

 

 

 

Командалық ойындардың жеңімпаздары:

 

- 3 орын - "Терраса парк" командасы;

 

- 2 орын – "Алмаз" командасы;

 

– 1 орын - "ГНПП Бурабай" командасы;

 

Командалық ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен және дипломдармен марапатталды. Жарысқа қатысқан командалар дипломдармен марапатталды. 

 

 

 

Архив новостей