Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : 2019 жылғы Экологиялық ағарту жұмыстары бастау алды

28.02.2019

 

Экологиялық бағытта үздіксіз  білім беру мен ағарту жүйесін құру - бұл ұзақ, кезең-кезеңмен жүріп тұратын процесс. Онда өскелең ұрпақ-балалармен және жастармен жұмыс істейтін мекемелер мен ұйымдарға ерекше назар аударылуы тиіс.

2019 жылдың  27 ақпанда "Бурабай" МҰТП қызметкерлері   «Экология Және Орман Шаруашылығы Жоғары Колледжі»   МКҚК,  Щучинск қаласының №6 ОББМ, Бурабай ауданының  С.Сейфуллин атындағы №7 ОББМ-де экологиялық ағарту жұмыстарын өткізді.

 

Студенттер мен оқушылар экология, география және экологиялық ағарту тақырыбында құрылған тест  сұрақтарын  алды, жауап беруге  тек 15 мин бөлінді. Бұл 2019 жылы экологиялық ағарту бойынша "Бурабай" МҰТП қызметкерлері өткізген алғашқы іс-шара болды, яғни алда  дәрістер, көрмелер, көңілді викториналар мен табиғат қорғау тақырыбындағы  конкурстар күтілуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Архив новостей