Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : Наурыз мейрамы 2019

23.03.2019

 

 

Көктемнің алғашқы күні «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Бурабай даму» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлері Наурыз мейрамына орай Бурабай ауылының тұрғындары мен қонақтарына арнайы 150 литрден астам наурыз көже және 200 килограмм бауырсақ әзірледі.

Мерекелік іс-шара Бурабай ауылының әкімі Талғат Амантаев пен Бурабай кенті мешітінің бас имамы Берік Әбікеновтың құттықтау сөздерінен басталды. Қыдыр Ата қатысушылар мен ауыл қонақтарына бата беріп, бақыт пен береке, денсаулық пен амандық, бейбітшілік тілеп, наурыз мейрамымен құттықтады.

Театрландырылған қойылым, концерт, ұлттық спорттық жарыстар және жеңімпаздарды марапаттау, КВН фестивалі  мерекелік бағдарламаны жалғастырды. «Визит орталығы» аумағында курорт экоөнімдері мен жергілікті қолөнершілердің көрмесі өтті.

Түрлі байқаулар, мысалы, бауырсақ жеуден жарыс және басты жүлделер теледидар, қысқа толқынды пеш және басқа да тұрмыстық заттар ойнатылатын лотерея ұтысында жеңу мүмкіндігі қатысушылардың қызықтарын арттыра түсті. Лотерея демеушілері "Бурабай даму" ЖШС  және жергілікті туристік саладағы кәсіпкерлер болды, олар жүлде ретінде қонақ үйлерде тегін демалуға жолдама берді.

 

Екінші мерекелік күн ұлттық спорт ойындарына арналды. "Burabay land" ойын-сауық саябағы аумағында тоғыз құмалақ, қазақша күрес, аударыспақ, асық ату және т.б. жарыстар өтті. Жарыстарға Ш. Уалиханов, "Шидай" карате мектебінің, "Спарта" әскери клубының тәрбиеленушілері қатысты. Би нөмірлері, барабаншылар шоуы және ең кішкентай қонақтарға арналған анимациялық бағдарламамен концерт ерекше көңіл-күй сыйлады.

 

 

 

 

 

Архив новостей