Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : Ғылыми- техникалық кеңес, 8 сәуір 2019 жыл

09.04.2019

 

Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде "Бурабай" мемлекеттік ұлттық паркінде ғылыми – техникалық кеңес өтті. Осы отырыста келесі тақырыптар қаралды:

 

1.     2018 жылғы табиғат жылнамасын бекіту мақсатында талқылау;

2.     2019-2023 жылдарға арналған ғылыми - зерттеу жұмыстарының түзетілген жоспарын бекіту;

3.     2019 жылдың 15 қаңтарындағы ғылыми-техникалық кеңесте қаралған мәселелер бойынша есеп түріндегі нәтижелер баяндамасы;

 

Отырыс қорытындысы бойынша ғылыми-техникалық кеңес мүшелері бірінші мәселе жайында шешім қабылдады:

- 2018 жылдың табиғат жылнамасын бекіту;

- ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне Табиғат жылнамасын қазақ және орыс тілдерінде жолдау;

Екінші мәселе бойынша:

- 2019-2023 жылдарға арналған ғылыми - зерттеу жұмыстарының түзетілген жоспарын бекіту;

-Түзетілген Ғылыми – зерттеу жұмыстар жоспарын  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне мақұлдау үшін, ал Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің  орман шаруашылығы  және жануарлар дүниесін қорғау Комитетіне бекіту мақсатында жолдау; 


Үшінші мәселе бойынша:

- Жоспарланған жұмыстарды бақылауға алу және ғылыми – техникалық кеңестің  келесі отырысында ақпарат беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Архив новостей