Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : Бір жылдық және көпжылдық шөптерді егу бойынша өткізілген семинар

14.04.2019

 

- Жыл бойы жануарларды теңдестіріп азықтандыруды қамтамасыз ететін тұрақты жемшөп базасын құру мал шаруашылығы саласының жоғары тиімділігінің негізгі шарты болып табылады. Малдардың сандық және сапалық жағынан қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жем - шөп базасының жағдайын жақсарту үшін жем-шөп өндірісі астық өндіруден кем емес көңіл бөлуді талап етеді, - деді "Бурабай" Мемлекеттік ұлттық паркінің қызметкерлерімен кездесуге арнайы шақырылған агроном.

 

Жыл сайын ұлттық парк аумағында жем-шөп жағдайын жақсарту үшін 250 гектар жер егіледі. Жыл сайын қостұяқтылар және жабайы жануарлар санының өсімі мен ауа-райы жағдайын ескере отырып, жем-шөп базасын қысқы кезеңге дайындау сәуір айынан  басталады.  "Астана - Өнім" АҚ агрономымен кездесуде қызметкерлер алдағы егіс бойынша кеңестер мен басты сұрақтарға жауап алды, мысалы: көп жылдық шөптерді егу сапасына қойылатын басты талап - бірқалыпты себу және қажетті тереңдікке өңдеу немесе дала шөп шабатын алқаптарда жоғары және тұрақты шөптерді алудың шешуші шарты біржылдық және көп жылдық шөптердің оңтайлы ара қатынасын құру болып табылады. 

 

Агрономмен бірге егісте қолданылатын жерді және техниканы қарап, қажетті шикізат мөлшерін есептеп шықты.

 

Алынған білім бір жылдық және көпжылдық шөптердің егісінде толық қолданылатына сенімдіміз.


 

 

 

 

 

 

 

Архив новостей