Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : "Әртүрлі орман типтерінде және түрлі функционалдық аймақтар мен фенологиялық алаңдарда мониторинг жүргізу" тақырыбында семинар-кеңес өткізілді

04.05.2019

 

Бурабай орманшылығының аумағында, 2019 жылдың 4 мамырында "Бурабай" МҰТП ғылыми бөлімі "әртүрлі орман типтері мен түрлі функционалдық аймақтар мен фенологиялық алаңдарда мониторинг жүргізу"тақырыбында көшпелі семинар-кеңес өткізілді.

Семинар жұмысына фенологиялық алаңдарда мониторинг жүргізуге жауапты 10 орманшылықтардың басшылары мен шеберлер қатысты.

 

Қарастырылған мәселелер:

1.     Стандарттар бойынша немесе МЕМСТ-ке сәйкес сынақ алаңын (фенологиялық алаңды) салу;

2.     Сүрекдіңдер мен бұталардың таксациялық көрсеткіштерін алу (ағаштардың нөмірленуі, диаметрі, стандартқа немесе МЕМСТ-ке сәйкес биіктігі);

3.     Екпелердің жасын нақты анықтау үшін өсім қоңырауы арқылы үлгілер алынды;

4.     Орман жанғыш материалдарының қорын анықтау үшін (ЛГМ) т/га, Курбатский Н. П. әдістемесі бойынша орман төсенішінің үлгілері алынды;

5.     Побединский  А. В. әдістемесі бойынша негізгі ағаш тұқымдарының табиғи жаңаруының саны мен сапасы анықталды.

 

Бұл семинар ұлттық парк ормандарының негізгі типтеріне және орман шаруашылығы іс-шараларын жоспарлау мен  нақты бақылау жүргізуге көмектеседі. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Архив новостей