Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : Ардагерлер, гүлдер, мәңгілік полк

09.05.2019

"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің дирекциясы "Мәңгілік полк" акциясына қатысты, Барлық қатысушылар өз ата-бабаларының, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің портреттерін қолдарына ұстап, маршрут бойынша Бурабай кентінің барлық тұрғындары өтті. Кейін қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

 

Сондай-ақ директор Әбдіқалықов Ғалымжан басшылығымен  ұлттық парк командасы екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Тарасова Вера Ивановнаны осы айтулы күнмен құттықтап, сыйлық тарды табыс етті, ерлік пен батырлық  үшін алғысын білдіріп, ардагерге ұзақ ғұмыр тіледі.


Өз кезегінде Вера Ивановна ардагерлерге қамқорлық көрсеткендері үшін барлығына алғысын білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Архив новостей