Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : 3 млн.астам дернәсілдер табиғи парк көлдеріне жіберілді

13.05.2019

 

"Бурабай" МҰТП аумағында 2018 жылдың 4 мен 27 қараша аралығында Щучье көлінде сигалық тұқымдарының өсімін молайту мақсатында балық аулау жүргізілді. Өсімін молайту мақсатында аулауды жүргізу қорытындысы бойынша балық питомнигіне инкубациялау үшін рипустың 27 литр уылдырығы мен сиг балығының  52 литр уылдырығы жіберілді. Уылдырық жинаумен Петропавл балық питомнигінің қызметкерлері жасалған шартқа сәйкес айналысты. 2019 жылдың  2 мамырында Петропавл балық питомнигінен балық өсіру материалы (дернәсіл) СИГА алынды. Бұл дернәсілмен 600,000 дана Үлкен Шабақты көлі толтырылды. 2019 жылдың  6 мамырында Үлкен Шабақты көлі – 2,500,000 дана, Бурабай көлі – 500,000 данамен қамтамасыз етілді. Балықталған дернәсілдің жалпы саны 3,600,000 дананы құрады.

 

 

Архив новостей