Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : БУРАБАЙДЫҢ "БИШІ ҚАЙЫҢДАР" ТОҒАЙЫН ӘРБІР АДАМ ТАМАШАЛАЙ АЛАДЫ

05.06.2019

2019 жылдың 5 маусымында "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында "Орманшы" саябағының ресми ашылу салтанаты өтті. Аталған саябақ "Күркүреуік" өзенінің бойында орналасқан және ол Бурабай және Үлкен Шабақты көлдерін қосады. Саябақ аумағына жоғары ғылыми-оқу орындарының өкілдері, орманшылар және "Бурабай"МҰТП қызметкерлері жиналды.

 

Жаңа "Орманшы" саябағы - бұл ландшафтты парк, оның басым бөлігін жасыл орман алып жатыр, онда кез келген адамның демалуына және табиғат аясында уақыт өткізуіне барлық жағдайлар жасалған. "Орманшы" саябағы ұлттық парк қызметкерлерінің бастамасымен абаттандырылды, аумақ қоқыс ағаштардан және бұталардан тазартылды, келушілерге арнап стендтер орнатылды.  Саябақ абаттандыруға дейін тек жергілікті тұрғындарға белгілі болған "биші қайыңдар" тоғайының аумағында құрылды. 

 

Бұл демалыс орнына Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы - Ерлан Мұратов және мерекенің құрметті қонақтары - "Бурабай"МҰТП орман шаруашылығының ардагерлері жоғарғы баға берді.

 

- Бүгін "Орман сақшысы" ескерткіші мен парктің игілігіне айналған "Биші қайыңдар" тоғайы екінші рет жанданды. Саябақты қайта құру кезінде қала тұрғындарының тілектері ескерілгеніне қуаныштымын және саябақтың жаңартылған түрі демалушыларға ләззат беретініне сенемін", — деді ұлттық парк директоры Ғалымжан Әбдіқалықов.

 

Салтанатты ашылудан кейін, саябақты әлде де көркейту мақсатында Орман шаруашылығы экология және туризм колледжі, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агро-техникалық университеті  және "Казгипролесхоз" ЖШС ұйымдарына парктің белгілі бір учаскелері табысталды. Осындай жұмылып. бірлесіп жасаған іс-шараның нәтижесінде "Орманшы" саябағы Бурабай кентінің  тұрғындары мен қонақтарының көз айнасына айналатынына сенімдіміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Архив новостей