Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : ПАРКТЕР ШЕРУІ - 2019

06.06.2019

 

2019 жылдың 6 маусымында "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі "Парктер шеруі-2019" атты халықаралық акциясын өткізді.


Бағдарлама шеңберінде ұлттық парк аумағында аумақты тазалауға және абаттандыруға бағытталған экологиялық іс-шаралар өткізілді. Тақырыптық сабақтар, сондай-ақ мектеп орманшылықтары оқушылары мен "Жоғары орман шаруашылығы экология, туризм" колледжі студенттерінің халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен бірлескен ғылыми жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.

Биыл алғаш рет «Jasyl jol» электробильдерінің бірінші автошеруінің өкілдері  парктер шеруіне қатысып, ауаны ластамайтын Tesla, JAC, BMW брендтерінің  бензинсіз жүретін  көліктерінің көрмесін әр адам тамашалай алды.

Шерудің қатысушылары мен IGTIC Халықаралық жасыл технологиялар орталығының өкілдері табиғи парк жұмыскерлерімен бірге салтанатты бөлімнен кейін "өз планетамызды ретке келтір" экологиялық акциясына қатысты.

 

"Парктер шеруі - 2019"  халықаралық акциясын өткізудің басты мақсаты өскелең ұрпақтың назарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экология және қоршаған ортаны ластайтын проблемаларына аудару болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Архив новостей