Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

«Бурабай» МҰТП туралы

Қазақстанның солтүстігінде, ғаламшарымыздың ең әдемі жерлерінің бірі, Ақмола облысының аумағында "Бурабай"  Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орналасқан .  Ол ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы қаулысына сәйкес  құрылған.


Бурабай жер бетінде сирек кездесетін табиғаты бар , географиялық пункт ретінде кеңінен танымал. Бурабай шатқалы  Қазақтың шағын шоқыларының құрамына кіретін таулы ел болып келеді.


Бурабай шаруашылығының игерілуі  және халқының ұлғайюы 19 ғасырдың аяғында табиғи байлықтардың күшейтілген түрде пайдаланылуына  әкеп соқты. Қазірдің өзінде осы аумаққа саяжай-курорттық жер деген атақ берілген. Бұл тұтастай алғанда Бурабай курорттық аймағының табиғи байлықтарын пайдалануға шектеу  қою мәселелерімен айналысуға итермелейді .


Орман алқаптарын қалпына келтіру, қатынас жолдарын аббаттандыру қажеттілігі туындады. Осыған бағытталған бірінші қадам Бурабайда 1898 жылы Қазыналық орман шаруашылығының ашылуы болды.


Осы ғасырлық кезеңде, бұл  мекемені  түрлі етіп  қайта құрды.


1920 жылы Бурабай ұлттандырылды және жалпы мемлекеттік маңызы бар курорт болып танылды.


1935 жылы "Бурабай" Мемлекеттік қорығы құрылды.


1951 жылы қорық жойылып, оның орнына Бурабай орман шаруашылығы құрылды.


1997 жылы Бурабай орман шаруашылығы "Бурабай" «Табиғи-сауықтыру орман кешені» Мемлекеттік Мекемесі болып қайта құрылды.


2000 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Бурабай»  Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі» Мемлекеттік Мекемесі құрылды.


2010 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен"Бұланды" ОШ ММ қосу арқылы ұлттық саябақ аумағын кеңейту жүзеге асырылды.


 Қазіргі уақытта ұлттық парктің жалпы аумағы 129 299 гектарды құрайды.


Ұлттық парк ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жүйесіне кіретін, республикалық маңызы бар табиғатты қорғау мемлекеттік мекемесі болып табылады және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы қарамағына кіреді.


"Бурабай"ұлттық паркінің негізгі міндеттері:


- экожүйенің тұтастығын, эталонды және бірегей табиғи кешендер мен нысандарды, тарихи- мәдени ескерткіштер және басқа да объектілерді сақтау, сондай-ақ оларды зерттеу;


Бұзылған табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді қалпына келтіру.


Ұлттық саябақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне кіретіндіктен  оның аумағында тәртіп  ережесі қайта сақталды . Табиғи ресурстарды пайдалану мақсатында қорғау тәртібіне байланысты функционалдық аймақтандыру жүзеге асырылады. Ұлттық парктің қорық аймағы шегінде кез келген шаруашылық қызметке , рекреациялық пайдалануға тыйым салынады, және тиісті қорықтар тәртібіне сәйкес тәртіп қолданылады.


Ұлттық парктің табиғи кешендері, жер учаскелері және су кеңістіктерін қорғаудың маңызды элементі , қорғау аймақтарындағы табиғатты пайдалану тәртібіндегі шектеулер болып табылады.