Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Правила посещения ООПТ

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында болу ережесі

«Бурабай» МҰТП Ұлттық паркінің аумағында тыйым салынады:

 

1) ЕҚТА-ты пайдалану үшін ақы төлегенін растайтын құжаттарсыз ЕҚТА- болуға;

2) Арнайы белгіленген және жабдықталған орындардан тыс жерлерде тағам әзірлеу үшін от жағуға,мангал,ошақ орнатуға;

3) Жалпы пайдаланатын жолдардан немесе арнайы экскурсиялық соқпақтар мен туристік маршруттардан тыс жерлерге келіп кіруге және олар арқылы жүріп өтуге;

4) Белгіленген орындардан тыс жерлерге автокөлік және басқа да механикалық құралдар қоюға;

5)Автокөлікті және басқа да механикалық құралдарды су айдындары жағалауына қоюға және жууға,кір жууға,үй жануарларын шомылдыруға;

6) Су айдындарында,ЕҚТА-ты қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция пайдаланатын моторлы жүзу құралдарынан басқа, моторлы яхталардың,катерлердің,моторлы қайықтардың,моторлы скутерлердің,квадроциклдердің болуына;

7) Осы мақсаттар үшін белгіленген орындардан тыс жерлерде аялдау орындарын жабдықтауға, шатырла тігуге;

8) Торлармен және басқа тыйым салынған құралдармен және жабдықтармен балық аулауға;

9) Тиісті рұқсатсыз жабайы жануарларды атуға;

10) Жабайы жануарларды үркітуге және қоректендіруге;

11) Ұяларды, індерді, апандарды және құмырсқа илеулерін бүлдіруге;

12) Ағаштар мен бұталарды кесуге, сындыруға және оларға зақым келтіруге, тұрмыстық қажеттілік үшін сыпыртқылар мен сыпырғыштарға шыбықтар дайындауға;

13) Табиғат, тарих, мәдениет және археология ескерткіштерін қиратуға және бүлдіруге;

14) Рұқсат етілген жинау орындарынан тыс жерлерде жабайы өсетін ағаш, бұта, шөп өсімдіктерін және дәрі-дәрмектік шикізат жинауға және қазып алуға;

15) Осы үшін арнайы бөлінген орындардан басқа жерлерде жабайы өсетін жемістер, саңырауқұлақтар және жидектер жинауға;

16) Көрнекті үгіт құралдарын стенділер, паннолар, аншлагтар және басқалар, орман орналастыру, орман шаруашылығы және жерге орналастыру белгілерін қиратуға және бүлдіруге;

16) Көрнекті үгіт құралдарын(стенділер,паннолар,аншлагтар және басқалар),орман орналастыру,орман шаруашылығы және жерге орналастыру белгілерін қиратуға және бүлдіруге;

17) Құрылыстарға ,ағаштарға, тастарға және жартастарға жазуларға жазуға және суреттер салуға;

18) Өз бетімен мал жаюға,шөп жинауға,шөп дайындауға және басқа да заңсыз орман пайдалануға;

19) Топырақ қабатын тұрмыстық қоқыспен және қалдықпен ластауға.