2019 жылғы 9 қаңтарда "Айқын" газетінде "Бурабай"ұлттық табиғи паркінің аумағында туристік инфрақұрылым объектілерін салу үшін 49 жылға дейінгі мерзімге учаскелерді ұзақ мерзімді пайдалануға беруге арналған тендер туралы хабарландыру жарияланды.
Ағымдағы жылдың 11 ақпанында тендерлік құжаттама конверттерін ашу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Тендердің әлеуетті қатысушыларынан әр лот бойынша 9 өтініш түсті (№10 учаске бойынша өтініш түскен жоқ).
2019 жылғы 25 ақпанда тендерлік өтінімдерді бағалау жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.