Каз     Рус    

Өрт, браконьерлік және табиғат қорғау заңнамасының басқа да бұзушылықтары анықталған жағдайда
8(71636) 7-36-65
нөміріне қоңырау шалыңыз

13.05.2015

Әлемде мамырдың әр үшінші жексенбісі ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аталады. 2015 жылы бұл күн 17мамырға түсіп тұр. Ең алғашқыда  1983 жылы Сан - Францискода (АҚШ) ЖИТС мәселесімен айналысқан  бір топ адамдар өткізді. Қазір ол дәстүрге айналды. Осы күні әлемнің барлық елдерінде қайтыс болғандарды еске алу үшін әр түрлі іс-шаралар өткізіліп, ЖИТС індетінің әркімге жұғуы мүмкін екенін ойландырып, жоқтарды еске алып, АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүретін достар, туыстарды қолдау, үкімет пен қоғам назарын АИТВ-инфекциясы мәселесіне назар аудару - Еске алу күнінің басты міндеттері. 

Әлемде Бірінші Халықаралық мемориал бар,   ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алуға салынған. Ол - «ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу білтесі». Бұл күні білтелермен шеру, еске алу, теле-радиобағдарламалар, қайырымдылық концерттер, ағарту акциялары, көркем көрмелер және басқа іс-шаралар өткізіледі.

         Бұл күні адамдар киімдеріне қызыл жолақ жапсырады - миллиондаған қайтыс болғандарды еске алу мен қайғыру, ЖИТС-ң шекарасы, ұлты, жынысы және жасы жоқтығының  белгісі. Бастысы - адамзат бұл ауруды жеңеді деген үміт символы.

         Еске алу күнінде квилт - еске алу полотнасын тігу дәстүрі бар, жақын адамдарға арналған мата құрақтарынан жасалған суреттер. Сондай-ақ осы күні ЖИТС індеті басталған жылдар есебіне сай еске алу ағаштары отырғызылады.

 Еске алу күнін өткізу мақсаты - ЖИТС-тен қайтыс болғандардың  мәселесіне әлемдік қоғамның назар аудару. Мейлінше көптеген адамдарға ЖИТС-тен қорғану құралдары және жұғу жолдары туралы айту. Адамдарға ЖИТС есіртке, жыныстық қатынас, қан арқылы және анадан нәрестеге жұғатыны жөнінде ескертпе жасау.

 Бүгіндері әлемде ресми түрде 40 млн АИТВ-жұқтырғандар тіркелген. Қазақстанда 2015 жылғы мамырдың 1-не 25080 АИТВ-жұқтырған тіркелген, о.і. 2311- ЖИТС-пен ауырғандар, өлгендері - 6119 адам.

 Ақмола облысында 509 АИТВ-инфекция оқиғасы орын алды, ЖИТС-пен ауыратындар - 39 адам, қайтыс болғаны - 132 адам.

           2015 жылдың төрт айында облыста 25 жаңа АИТВ-инфекция оқиғасы тіркелді. Жыныстық қатынас арқылы жұғудың көбею тенденциясы байқалады: облыс бойынша 84 %,  ҚР бойынша - 58,2%. Есірткені тұтыну арқылы республика бойынша 33%, облыс бойынша - 16 %. 20-39 жастағы адамдардың ауруы - 76% облыс бойынша, 66,3% - республика бойынша.

 

Об утверждении Правил осуществления туристской и рекреационной деятельности в государственных национальных природных парках"
Лесной кодекс Республики Казахстан
Закон об особо охраняемых природных территориях
Министерство образования и науки Республики Казахстан
КЛХЖМ МЭГПР РК
Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Управление Делами Президента РК