Балықтар мен басқа да су жануарларының биоалуантүрлілігін сақтау мақсатында олардың уылдырық шашу кезеңінде «Бурабай» МҰТП су ресурстары кіретін Есіл бассейнінің су айдындарында балық аулауға тыйым салынады.
Уылдырық шашу кезеңі су биосферасының жыл сайынғы жаңару цикліндегі маңызды сәт болып табылады. Осы кезеңде биоресурстарды аулау балықтың қалыпты дамуына зиян келтіреді және заңнамамен айтарлықтай шектеледі.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезеңінде балық аулауға тыйым салу мерзімдері:
шортан, ақсайран және көксерекке 15 сәуірден 15 мамырға дейін;
сазанға (тұқы) - 20 мамырдан 20 маусымға дейін;
гаммарусқа – 1 тамыздан 14 қыркүйекке дейін;
артемия цистіне - 1 наурыздан 15 маусымға дейін;
өзен шаяндары аулауға тыйым - 1 маусымнан 15 шілдеге дейін.
Есіл, Нұра, Сілеті өзендерінде және олардың барлық салалары мен су қоймаларында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары шегінде балық аулауға 20 сәуірден 20 мамырға дейін тыйым салынды.
Осылайша, балық аулауды жүзеге асыру кезінде заңнаманың белгіленген талаптарын қатаң сақтау қажет.
Белгіленген кезең ішінде балық аулауға тыйым салуды сақтамағаны үшін заңнамада әкімшілік кодекстің 383-бабы (балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша оннан 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылық және елдің Қылмыстық кодексінің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру қылмыстық жауапкершігі қарастырылған.
Құрметті балықшылар, су биоресурстарын қорғауыңызды сұраймыз!